Досын өлтіріп моншасына бетондап тастаған

0
1 161

Алматы облысында досын өлтіріп, қылмысын бетон төсенішпен жасырғысы келген күдікті ұсталды


Досын өлтіріп моншасына бетондап тастаған

ERNUR.KZ. Полицейлер жанжал барысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген, қылмыс орнынан бой тасалаған азаматтың орнын анықтап, өзге облыс аумағында ұстады, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Есік қаласында орын алған. Қайтыс болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған.

Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Оқиға орынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары адам өліміне қылмыс орынан із суытқан күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді. Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп атап өтті полиция өкілдері.