Досын пышақтаған қылмыскер әжесі бар көлікті ұрлап ұсталып қалды

0
1 399

Ішінде отырған қарияны байқамай, көлікті айдап әкеткен


Досын пышақтаған қылмыскер әжесі бар көлікті ұрлап ұсталып қалды

ERNUR.KZ. Қарағандыда көлікті артында отырған қариясымен қоса айдап әкеткен күдікті 6 жылға сотталды, деп жазады ktk.kz.

24 жастағы қала тұрғыны бөтелкелесін пышақтап қашып бара жатып, біреудің оталып тұрған көлігін міне салыпты. Сөйтсе, ашық қалдырған көліктің артқы орындығында жүргізушінің 80-дегі анасы отырған екен.

Араққа сылқия тойған күдікті салондағы кемпірдің айғайынан шошып, көлікті жол шетіндегі ағашқа соқққан. Кейуана артқы орындыққа жатып алғандықтан зиян көрмеген. Ал тәлтіректеп қашқан күдіктінің аяқ киімдері шешіліп қалыпты.

Сары аязда жалаңаяқ алысқа ұзай алмай қолға түсті.

Енді ол сот шешімі бойынша, талқандалған көлік құнына 11 миллион, ал пышақ тиген досына 800 мың теңге өтамақы төлеуі тиіс.