Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы

0
689

​Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланып отыр. Ұсталғандармен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Елорданың полиция департаменті Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлын пышақтап кеткенін растады. Жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"10 қараша күні сағат 22:56-да "102"-ге Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінде жаппай төбелестің басталғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері жас жігіттердің арасында жанжалдың туындағанын, оны арты төбелеске ұласқанын анықтады", - дейді полицейлер.

Төбелес кезінде екі адам жарақат алды. Біреуі қоғам белсендісі болған Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы – Жанболат Ағаділ болып шықты. Оны пышақтар кеткен. Жас жігіт жедел жәрдем келгенше алған жарақатынан көз жұмды.