Дүниежүзілік ұйымның басшысы Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды - видео

0
1 304

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорына эстафетаны әділет министрі Марат Бекетаев жолдаған.


Дүниежүзілік ұйымның басшысы Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды - видео

ERNUR.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы қабыл алды, деп жазады sputniknews.kz.

"Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Фрэнсис Гарри мырза Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын жалғастырды", - деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев әлеуметтік желідегі өз парақшасында Абай Құнанбайұлының отыз екінші қара сөзінен үзінді оқып, эстафетаны Фрэнсис Гарриға жолдаған еді.


Өз кезегінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы бұл бастаманы қолдап, Марат Бекетаевқа өз алғысын білдірді.

"Армысыздар! Мен Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев мырзадан, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойының құрметіне арналған эстафетаны қабыл алғаныма өте қуаныштымын. Абайдың 32-ші қара сөзінен үзіндіні оқып беруге рұқсат етіңіздер", - деген Гарри ағылшын тілінде Абайдың қара сөзін оқиды.

Бұл бейнероликті Марат Бекетаев өзінің парақшасында жариялады.