Еуразиялық экономикалық комиссия ел бюджеттерінің атқарылуы туралы статистиканы жариялады.
ERNUR.KZ. Ресейдің сыртқы мемлекеттік қарызы АҚШ долларымен есептегенде 5,7%-ға, Қазақстандыкі 8,1%-ға, Арменияныкі 3%-ға қысқарды, деп жазады sputnik.kz.
ЕЭК мәліметі бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы бірінші жартыжылдықта 28,7 триллион теңгені (59,7 миллиард доллар), сыртқы қарызы 7,1 триллион теңгені (14,8 миллиард доллар) құрады.
Ресейде бюджет тапшылығы 2 есеге, яғни 18%-ға қысқарды. Қазақстанда да дәл осындай деректер анықталды.
Бұл ретте Ресейде, Қазақстанда, Арменияда және Қырғызстанда бюджеттің басқа түсімдерінің үлесі артып, қосылған құн салығының үлесі төмендеген.
Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, елдер кірістерінің құрылымында басым үлесті қосымша құн салығы, сондай-ақ бюджет кірісіне түсетін басқа да түсімдер иеленді. Шығындар бөлігінде әлеуметтік саланы және ұлттық іс-шараларды қаржыландыру басым.