Үшемнің дүниеге келуі 17 жастағы Ирина мен оның жұбайы үшін тосынсый болды
ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының тұрғыны егізге жүктімін деп жүріп, үшемді дүниеге әкелді, деп жазады sputniknews.kz.
Қуанышты оқиға Лысак отбасында болды. Он жеті жастағы Ирина егізге аяғым ауыр деп жүргенде, салмағы 1,4-тен 2,1 келіге дейін екі қыз бен бір ұл босанды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жас ана мен сәбилерінің жағдайы жақсы.
Иринаның өзі аман-есен қол-аяғын бауырына алып, үшемнің анасы атанғаны дәрігерлердің арқасы деп отыр.
"Біз егіз күтіп жүрген едік, бұл тосынсый болды. Сондай бақыттымыз, төбеміз көкке жеткендей. Бұл біздің алғашқы немерелеріміз. Тосынсый болған үшінші сәбиге қатты қуандық", - деді үшемнің әжесі тілшілерге.
Еске сала кетсек, сәуірдің ортасында Қырғызстанда керісінше жайт болды. 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова үшемді күтіп жүргенде, егіз босанған. Дәрігерлердің айтуынша, ультра дыбыстық зерттеу кезінде үшінші нәрестенің сұлбасы қате көрінген болуы мүмкін.