Екібастұз қаласында мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді (видео)

0
992

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.


Екібастұз қаласында мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді (видео)

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры пара алу үстінде ұсталды, деп жазады Qamshy.kz.

Екібастұз қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.


"Мектеп директорының үстінен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу сағаттарын бергені үшін мектеп кітапханасының меңгерушісінен заңсыз ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифингте.


Тергеу аяқталды. Айыпталушыны сотқа беру туралы мәселені шешу үшін іс материалдары прокуратураға жіберілді.