Екібастұз тұрғыны алимент төлемегені үшін пәтерінен айырылды

0
716

2016 жылдан бері немқұрайлық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған.


Екібастұз тұрғыны алимент төлемегені үшін пәтерінен айырылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз қаласы тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатты, деп жазады zakon.kz.

2016 жылдан бері немқұрайлық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған.

Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай, туған баласына көмектесуге асықпады.

Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді.

Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн теңгеге сатылды.

Жеке сот орындаушысының іс-әрекетінің арқасында бала заңмен белгіленген 2,2 млн.теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болды, қалған сома борышкерге қайтарылды.