Екібастұзда қатты желден мектеп пен қазандықтың шатыры ұшып кетті

0
704

Зардап шеккендер жоқ.


Екібастұзда қатты желден мектеп пен қазандықтың шатыры ұшып кетті

ERNUR.KZ. Екібастұз ауданының Бозшакөл ауылында мектеп пен қазандықтың шатыры ұшып кетті, деп жазады Inbusiness.kz.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні қатты желдің салдарынан Бозшакөл ауылында Бозшакөл орта мектебінің 100 шаршы метр төбесі ұшып кетті.

Сондай-ақ орталық қазандықтың да 100 шаршы метр төбесі табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмады.

Желдің жылдамдығы 17 м/с дейін құрады.