Екібастұзда өртсөндіру көлігі аялдамаға айналды

0
939

Бұл идея Павлодар облысы ТЖД қызметкерлеріне мамыр мерекелері, сондай-ақ Екібастұз қаласының 65 жылдығы қарсаңында келді.


Екібастұзда өртсөндіру көлігі аялдамаға айналды

ERNUR.KZ. Жаңа арт-жоба Екібастұз қаласында аялдамада өрт сөндіру автомобилінің кузовы түрінде жасалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл идея Павлодар облысы ТЖД қызметкерлеріне мамыр мерекелері, сондай-ақ Екібастұз қаласының 65 жылдығы қарсаңында келді. Жобаның орналасқан жері кездейсоқ таңдалған жоқ, ол № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында орналасқан.

«Бұрын жұмысқа асығып бара жатқанымда айналамнан ештеңе байқамайтынмын, ал енді күн сайын аялдамаға асығып, оған таңдана қараймын, сонымен қатар көптеген пайдалы ақпарат аламын. Айтпақшы, осындай жобаның арқасында өз мүлкімді ықтимал өрттен құтқардым. Әдеттегідей, таңертең жұмысқа асығып бара жатып, үтікті өшіруді ұмытып кетіппін. Аялдамаға жетіп, өрт сөндіру автомобилін көріп, өз қателігімді есіме алдым, қайтадан үйге оралып, электр құрылғысын сөндірдім, осылайша өрттің алдын алдым. Құтқарушыларға рахмет. Бұл шынымен өте керемет. Барша тұрғындарға ескерту», - деп Екібастұз қаласының тұрғыны Жүсіпбек Жарқынбеков атап өтті.