Екібастұзда жарылған құбыр терезелерді сындырып, көліктерге зиян келтірді

0
1 001

Тұрғын үйлер су астында қалған.


Екібастұзда жарылған құбыр терезелерді сындырып, көліктерге зиян келтірді

ERNUR.KZ. 16 тамыз күні кешке М.Әуезов көшесінің бойындағы № 36 және № 42 тұрғын үйлер арасындағы апат болып, диаметрі 500 мм жер асты магистральды қайтармалық құбыржолы жарылған, деп жазады inbusiness.kz.

«Шақпақ тас жабынын шайып кету салдарынан 4 пәтердің тұрғынына және мен М.Әуезов 36 көшедегі тұрғын үй ғимаратында орналасқан азық-түлік дүкенінің қожайынына зиян келіп, терезе жақтауларының әйнегі сынып, тұрғын үйлер су астында қалған. Бас инженер басқарған арнайы құрылған комиссия халықпен жұмыс істеуге және келтірілген шығын көлемін анықтауда», - деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ.

Коммуналдық комиссия шығынның орнын толтыру үшін тексеру актісін жасады. 17 тамыздан бастап жылу желілерін жөндеу-құрылыс учаскелерінің қызметкерлері зиян келген пәтерлердің терезесін салуда.

Сондай-ақ құбыр желісіне жақын орналасқан жерде тұрған үш көлікке де зиян келген. Көлік иелеріне келген шығынды полиция тіркеген. Автокөліктерді жөндеу шығынын «Павлодарэнерго» АҚ өз мойнына алады.