Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды

0
826

Жұмысшы 36 жаста болған.


Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды

ERNUR.KZ Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды, деп жазады Sputnik.kz

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 25 наурыз сағат 23:00-де болған. Дәнекерлеуші қазандық құбырын жөндеу кезінде 74 метр биіктіктен 51 метр биіктікке құлаған.
Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жұмысшы 36 жаста болған.
Сол түні Павлодарда тағы бір өндірістік цехта жазатайым оқиға болды. 45 жастағы дәнекерлеушінің басына бетон плитасының металл ұстағышы құлады. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, осы түні қаладағы сауда үйлердің бірінде 28 жастағы жұмысшы ғимаратты әрлеу кезінде баспалдақтан құлап түсті. Ол да ауруханаға түсті.