Екібастұздағы жағдай: тергеу тобында Антикор өкілдері жұмыс істеп жатыр

0
536

Жылу энергетика саласында сыбайлас жемқорлықтың әсері болуы әбден мүмкін.


Екібастұздағы жағдай: тергеу тобында Антикор өкілдері жұмыс істеп жатыр

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Екібастұздағы жылу трагедиясы сыбайлас жемқорлыққа байланысты деген пікірін түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кеше «Самұрық-Қазына» алаңында квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу боды. Кездесу ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттейтін кәсіпорындар мен құзырлы органдардың өзара байланысына бағытталды. Жылу энергетика мен жылу саласындағы жұмыс бірлесіп жүргізіліп жатыр. Екібастұздағы мәселеге қатысты қазір Павлодар облысының прокуратурасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Одан әрі тергеу полицияға берілді. Тергеу тобында Антикордың жедел-тергеу өкілдері бар. Тергеу кезінде деректер зерттеледі», - деді ол.

Ахметжанов атағандай, әрбір салада ішкі сыбайластықты әшкерелейтін қызмет жұмыс істеуі керек.

«Ол қызмет тиімді жұмыс істесе, сыбайлас жемқорлық деректері жүзеге асырылмайды. Сотқа дейінгі тергеуді Антикор емес, құзырлы органдар бастап, жүргізіп жатыр», - деді ол.