Екібастұздағы жылу желілерінің 70%-ы тозған - министрлік

0
833

Апатқа тікелей сол себеп болған.


Екібастұздағы жылу желілерінің 70%-ы тозған - министрлік

ERNUR.KZ. 27 қарашада Екібастұз жылу энергетика орталығында болған апаттың салдарынан 4 жылыту қазандығы тоқтады. Сондай-ақ бір энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды. Салдарынан тұрғындар аязда жылусыз қалды, деп жазады sputnik.kz.

Жергілікті жерде барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және энергетика министрлігі өкілдері бірігіп, облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желісі айналымда. Жылу желілеріндегі зақымдануды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталды, басқа да зақымданулар ізделіп жатыр.
9-10 тамыз аралығында комиссия Екібастұз ЖЭО-да болып, негізгі жабдықтың жөндеу жұмыстары және төмен теріс температуралар кезеңінде жүктемені көтеру дайындығы тексерілген болатын. Станцияны аралау барысында ЖЭО басшылығына жөндеу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Жалпы, электр станциясында 5 энергетикалық және 5 су жылыту қазандығы, сондай-ақ 1 бу турбинасы орнатылған.
"Комиссия Екібастұздағы жылу құбырларының 70% тым тозған. Апатқа тікелей сол себеп болған. Сондай-ақ негізгі жүйелі проблемалардың бірі жылу энергиясына қолданыстағы төмен тариф. Жылу құбырларының жалпы ұзындығы 342 км., жыл сайын шамамен 3-4 км.жылу желілері ауыстырылады", - деп мәлімдеді министрлік.