Олар – Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қаласы.
ERNUR.KZ. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы ауаның жоғары ластануы бар 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, деді Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экоқұрылым және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл - ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары», - деді Мырзағалиев.
Сондай-ақ, министр 2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін азайтуға, қалдықтарды өңдеу үлесін ағымдағы 18-ден 35 %-ға дейін арттыруға, елдің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендетуге қол жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Екі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту жұмыстары осы жылдың 1 шілдесіне қарай аяқталады.
«Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында Экология министрлігінің қолданыстағы геопорталының негізінде интерактивті карта жасау ұсынылады», — деп атап өтті ол Үкімет отырысында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір аталған геопорталда орман өрттері мен заңсыз ағаш кесу мониторингі онлайн режимде жүзеге асырылуда.