Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты іс қозғалғаны рас па – Антикор жауап берді

0
375

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.


Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты іс қозғалғаны рас па – Антикор жауап берді

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық істің жоқ екенін жеткізді, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Агенттік бұған дейін тараған ақпаратты растамады.

"Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінің қарауында бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қаралып жатқан іс жоқ", – деді ведомство.