Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

0
593

​Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ.


Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде Біртановты 30 қазанда Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитеті тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады деген мәлімет пайда болды. Оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ.

"Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын хабарлайды. Кейін ақпарат беретін боламыз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.