​Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша БҰҰ өкілдерімен кездесу өтті

0
1 897

Тараптар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


​Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша БҰҰ өкілдерімен кездесу өтті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілі – Ашита Митталмен, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ өзге де өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тараптар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. С.Егізбаев министрліктің дін саласындағы алдын алу жұмыстары туралы, оның ішінде террористік және экстремистік қылмыстарға қатысқаны үшін сотталған тұлғалармен оңалту шаралары туралы айтып өтті.
Өз кезегінде, А.Миттал Қазақстанның діни экстремизмнің алдын алу саласындағы оңтайлы тәжірибесін атап өтіп, мамырда өтетін «Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған соң сотталғандарды әлеуметтік қайта интеграциялаудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты форумға қатысып, құттықтау сөз сөйлеуге шақырды.
Кездесу барысында жастарды радикалды идеологияның әсерінен алыстату, интернеттегі контрнасихат жұмыстары, экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс бойынша қолдау көрсету, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастықты кеңейтіп, оның ішінде террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта интеграциялау аясында азаматтық секторды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болып өтті.