"Ел ретінде бүкіл әлемнің алдында масқара болдық!" - Қуат Хамитов

0
1 110

"Легионерлерді әкеледі, жергілікті спортшыларға мал сияқты қарайды" деп жазды ол.


Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының биылғы Олимпиада ойындарындағы көрсеткіші туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қуат Хамитов Instagram парақшасында жазды.

"Бұл олимпиада біздің мемлекет ретінде өлгенімізді көрсетті. Бұл масқара! Неге, өйткені барлық дамыған елдер жыл сайын дамып, жақсарып келеді, ал біз жыл өткен сайын кері кетіп барамыз. Елде ешқандай даму жоқ, тіпті спортта да! Мен осылай болғаны үшін қуаныштымын, себебі осыған жеткізген өзіміз. Ешкім жұмыс жасағысы келмейді. Барлығы қағаз жүзінде тез дайын болып, есеп беріп құтылсам деп қана ойлайды. Легионерлерді әкеледі, жергілікті спортшыларға мал сияқты қарайды, футбол және тағы қаншама қажет емес салаға ақша жұмсайды. Барлығы біз автономиялық республикада өмір сүріп жатқандай жасалады. Мен ескі жүйенің бәрін құрту керек деген ойдамын. Бұрын спорт мәселелерімен айналысқандардың бәрін алып тастап, қайтадан бәрін басынан бастау керек. Барлық кәрілерді орнынан босатып, жастарға мүмкіндік беру керек. Спорт министрлігін туризм мен мәдениеттен жеке бөліп алу қажет. Қаржылық жағдайдың барлығын бақылауға алған жөн. Бүгін ел ретінде бүкіл әлемнің алдында масқара болдық! Көршілер бетімізге қарап ашық күледі. Қашан бәріміз жиналып, жеке бастың пайдасы үшіні емес, бір елдің игілігі үшін жұмыс жасай бастаймыз!? Үлкендеріміз қайда, патриоттар қайда!? Оянатын уақыт келді!", – деп жазады Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Қазақстан Токио олимпиадасында сегіз қола медальмен жалпы командалық есепте 83-орын алды.