Елбасы 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды

0
2 247

Оның ішінде, аудандық деңгейдегі атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейеді


Елбасы 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Сонымен қатар, облыстық, аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың лауазымы төмен қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25 процентке өсіруді тапсырамын", - деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

"Үкімет барлық шығынды жіті қадағалауы тиіс, бөлініп жатқан қаражат адресатқа жетуі керек. Биыл республикалық бюджеттің барлық шығынының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады", - деді Елбасы.

Айта кетсек, Астанада Қазақстан президентінің төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі болып жатыр.