Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.
фото: ашықдереккөзден
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Павлодар облысының кейбір аудандары:
1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;
2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын, делінген хабарламада.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.