​Елбасы Вьетнам Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

0
1 187

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.


​Елбасы Вьетнам Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады», - делінген жеделхатта.