Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүріп-тұруына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?
ERNUR.KZ. Мәжілістің кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа журналистердің қойған сұрағына жауап берді, деп жазады baq.kz.
Елбасының жүріп-тұруына, жалпы жұмысына, жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бірақ оның қазір дәл сомасын айта алмаймын. Мүмкіндік болса, арнайы сұратқан журналист болса, кейінірек ақпарат берейін, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.