Елдегі жоғары оқу орындарына түсетін түлектер мен жұмысқа тұратын азаматтар медициналық тексерістен өтуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Айтуынша, елдегі жоғары оқу орындарына түсетін түлектер мен жұмысқа тұратын азаматтар медициналық тексерістен өтуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мен жоғары оқу орнына түсерде, жұмысқа тұрарда және елдің қарулы күштеріне шақырылар кезде өтетін медициналық тексеріске адамдардан есірткі заттарының бар-жоғына биоматериал алуды ұсынамын. Бұл негізінен Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біздің ведомство да оны қолдайды. Бүгін қоғамның, өскелең ұрпақтың болашақтағы қауіпсіздігін таңдауымыз қажет, адамдардың өмірінде тағы қандай фактілер анықталады деп қауіптенбеуміз керек, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол тексерістен өткен адамның есірткі тұтынғаны анықталған жағдайда не болатынына тоқталды.
Осы орайда биоматериалдан есірткі заттары табылған жағдайда ешқандай қылмыстық жауапкершілік болмайды. Бұл ата-ана тарапынан адамның мінез-құлқын түзетуге және балалардың, сондай-ақ ересектердің есірткіге тәуелділігінің алдын алуға бағытталған. Статистикаға қарасақ, 95 пайыз жағдайда егер бастапқы кезеңде әрекет етсек, адамды есірткіге тәуелділіктен құтқаруға болады, - деді Марат Ахметжанов.