Елде заңсыз жүрген Бангладештің үш азаматы ұсталды

0
810

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік азаматтар елімізде болу мерзімі аяқталғанға дейін ҚР аумағынан шығуы керек.


Елде заңсыз жүрген Бангладештің үш азаматы ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Бангладештің 41, 31, 26 жастағы үш азаматын анықтап, ұстады, деп жазады baq.kz.

Көліктегі полиция департаменті бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, жоғарыда аталған құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, - дейді ол.

Сондай-ақ жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 мыңнан аса азаматты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 1474 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқанын, соттардың қаулысымен елден тыс жерлерге 376 шетелдік азамат шығарылғаны белгілі.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік азаматтар елімізде болу мерзімі аяқталғанға дейін ҚР аумағынан шығуы керек, кетуден жалтарған жағдайда ҚР шегінен тыс жерлерге шығаруға дейін әкімшілік жаза қарастырылған.