​Елді шулатқан екі тиіннің бірі құлатылды

0
1 672

Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады дейді мамандар.


​Елді шулатқан екі тиіннің бірі құлатылды

ERNUR.KZ.Студенттер сабаннан тұрғызған кеміргіштің мүсінін сұрқы қашты деп сүріп тастаған, деп жазады ktk.kz.

Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады дейді мамандар. Кейіннен сабандары түсіп, алқам-салқамы шыққан. Дегенмен, аз уақыттың ішінде кеміргішке ауылдықтардың көзі үйреніп қалған.

Айта кетейік, қала сыртында орнатылған туындыны 30 адам жұмылып, екі күнде бітірген болатын. Конструкцияға бірде-бір теңге жұмсалмаған. Егіншілік институты мен жергілікті шаруалар сабан беріп, қолдауымен тұрғызылған мүсін 1 ай да тұрмады.