Электрондық теміржол билеттерін сататын сайт жабылады

0
1 155

Сайттың жабылуына дайындыққа байланысты пайдаланушыларды тіркеу және электрондық теміржол билеттерін сату тоқтатылды.


Электрондық теміржол билеттерін сататын сайт жабылады

ERNUR.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» ұлттық тасымалдаушы хабарлағандай, bilet.railways.kz мен epay.railways.kz электрондық теміржол билеттерін рәсімдеу бойынша бір-бірін қайталайтын екі сайттың тек біреуі ғана қалады, деп жазады baq.kz.

2019 жылдың 25 қыркүйегінен epay.railways.kz сайты жабылады. Ал 1 тамыздан бастап сайттың жабылуына дайындыққа байланысты пайдаланушыларды тіркеу және электрондық теміржол билеттерін сату тоқтатылды.

«Биыл 1 тамыздан бастап, 45 күннің ішінде, пайдаланушыларға бұрын алынған электрондық теміржол билеттерін басып шығаруға және қайтаруға мүмкіндік берілген. Аталған интернет ресурс тәулік бойы теміржол билеттерін қайтару мен тапсырыс беру, сатып алу, рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетеді», - деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы компания.

Сонымен қатар, ұлттық тасымалдаушы әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарында bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу мүмкін емес деген жарияланымдарға байланысты жауап берді. Оның мәліметінше, bilet.railways.kz сайты тәулік бойы қызметтердің толық спектрін көрсетеді.

«Сайттағы пайда болған жаңа қызмет көрсетудің бір түрі – жолаушылардың «Күту парақшасына» тапсырыс беру мүмкіндігі. «Күту парақшасы» арқылы бүгінде 20 мың қазақстандық билет алған. Аталған парақша жолаушыларға сатылымда билет қалмаған кезде де сатып алуға мүмкіндік береді. «Күту парақшасына» пойыздың жөнелтілуіне 7 тәулік қалғанда тұруға болады. Аталған шара сервисті теріс пайдалануды болдырмау үшін енгізілген. Пойыздың жүруіне 45 күн қалғанда және кез келген уақытта өзге сайттардағы сияқты, bilet.railways.kz сайтында билеттер сатылады», - делінген хабарламада.