Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр - Президент

0
569

Мемлекет басшысы АХҚО-ның 2021 жылы атқарған жұмысының жылдық есебін бекітті.


Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр - Президент

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында Президент криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселелеріне де тоқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жиынды қорытындылай келе, АХҚО-ның 2021 жылы атқарған жұмысының жылдық есебін бекітті.

Іс-шара барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Мемлекет басшысының экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, АХҚО-ның тәуелсіз қаржы бақылаушысы Марк Смит, Жаһандық даму орталығының президенті Ахмед Масуд, G30 тобының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Джейкоб Френкель, Citigroup үкіметтер мен мемлекеттік сектордың жаһандық блогының басшысы Джули Монако баяндама жасады.