Елімізде -33 градусқа дейін аяз күтілуде

0
523

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.


Елімізде -33 градусқа дейін аяз күтілуде

ERNUR.KZ. Апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Олар ел аумағына қар мен жаңбыр алып келеді, деп жазады inbusiness.kz.

"6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18 С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33 С аяз, оңтүстігінде 5-13 С аяз болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.