Елімізде 15 мың білім беру ұйымы аттестаттаудан өтеді

0
472

Жыл сайын үш мың білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жоспарланған.


Елімізде 15 мың білім беру ұйымы аттестаттаудан өтеді

ERNUR.KZ. Елімізде 5 жыл ішінде 15 мың білім беру ұйымы аттестаттаудан өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерде, колледждерде және әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттауды енгізу көзделіп отыр. Бұл ‒ мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты талаптарының сақталуын тексеру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілмек. Шара барысында оқушылардың білімін бақылау, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау жұмыстары ұйымдастырылады.

«5 жыл ішінде барлық балабақшалар, мектептер, колледждер мемлекеттік аттестациялаудан өту болжанып отыр. Бұл білім беру қызметінің сапасын жақсартады және ұйымдарды одан әрі өсуге ынталандырады. Жыл сайын үш мың білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өту рәсімімен қамтылатын болады», ‒ деді білім саласында Сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева.