Елімізде 26 мамырдан бастап жазғы мектептер ашылады

0
50 035

Жазғы мектептің жұмысы 26 мамырда басталып, 19 маусымға дейін жалғасады.


Елімізде 26 мамырдан бастап жазғы мектептер ашылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова айтты, деп жазады baq.kz.

Каринова осы оқу жылында оқу процесі бірнеше форматта ұйымдастырылғанын еске салды.

Осыған орай, оқушылардың білімінің төмендеуі байқалады. Оны электронды күнделік жүйесінен де байқап отырмыз. Сондай-ақ барлық мұғалімдер де теріске шығарып отырған жоқ. Осыған байланысты оқу жылын аяқтау туралы Білім және ғылым министрінің бұйрығына бірнеше мәселе енгізілді, - деді ол.

БҒМ өкілінің сөзінше, 25 мамыр күні барлық мектепте дәстүрлі оқу жылы аяқталғаннан кейін 26 мамырдан бастап мектептерде жазғы мектеп жұмыстары ұйымдастырылады. Жазғы мектептің жұмысы 26 мамырда басталып, 19 маусымға дейін жалғасады.

Жазғы мектептердің жұмысы ата-аналардың өтініштері негізінде әр мектепте ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты – білім олқылықтарын жою, білімнің сапасын арттыру және осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде босаңсыған білімдерді толықтырып, әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын әр оқушының білуін қамтамасыз ету, - деп Шолпан Каринова атап өтті.

Каринова атап өткендей, әдістемелік ұсыныс дайындалды. Ол бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру биылғы оқу жылында үнемі қашықтан оқыту форматында болған 6, 7, 8 және 10-сыныптар оқушыларына басымдық берілуі қажет.

Мектептер қашықтан және аралас форматта оқыған, сонымен қатар аралас форматта оқыған 1-5 сыныптар мен 9-сынып оқушыларына да қалаулары бойынша ұйымдастырылады, - дейді ол.