Ақмолалық селекционерлер "Таймас" атты сұрыпты соңғы 15 жыл бойы зерттеген.
ERNUR.KZ. А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары "Таймас" атты астықтың жаңа сұрыпын ойлап тапты, деп жазады inbusiness.kz.
"Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаңа сұрып мемлекеттік тексерістен сәтті өтіп, патент алды", енді басым тұқымдар түрінде таратылатын болады.
Астық орталығының мамандары жаңа сұрып құрғақшылыққа және қоңыр тотқа төзімді екенін айтты.
"Бидайдың тот басқан аурулары, әсіресе елдің солтүстік аймақтарында өнімділіктің төмендеуінің басты себептерінің бірі болып саналады. Астық сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша, "Таймастың" құрамында шикі клейковинаның мөлшері 32,3-34,5%, ақуыз 15,1-15,7% болатын күшті бидайға жатады" - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Зерттеу жылдарында жаңа сұрып өзін жоғары өнімді ретінде көрсетті, максималды көрсеткіші гектарына 38,5 ц/га құрады. Тіпті, 2018 жылы, өсімдік ауруларының өршуі болған қиын кезде, ол басқа сорттардан 8 ц/га асып түсті.
"Таймас" Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіру үшін өте қолайлы, – дейді мамандар.
"Таймас" Қазақстанның селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Қазіргі уақытта тұқымның элиталық түрін көбейту жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.