Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарын қолға алған.
ERNUR.KZ. Елімізде оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ата-аналар академиясы құрылады, деп жазады baq.kz.
Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарын қолға алған. Негізгі мақсаты ұлттық, адами құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру. Осы орайда әрбір мектепте ата-ана міндеттерін іске асыруға, оларды жан-жақты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге бағытталған Ата-аналар академиясы құрылады.
Баланың қауіпсіз өмір сүру, денсаулық пен өсіп-жетілу құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру қажет. Балаларымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау елдің ұлттық саясатында әрқашан басымдыққа ие,-дейді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Сонымен қатар Насымжан Оспанова, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын түрлі қауіптерден қорғау үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды бірігіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.