Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

0
565

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметті жариялады.


Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан үш адам және коронавирустық пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 234 адамнан коронавирус инфекцияcының белгілері бар пневмония анықталды. Екі науқас қайтыс болды, 95 адам жазылды.

1 тамыздан бастап Қазақстанда 33 212 адамға пневмония диагнозы қойылды, 357 адам қайтыс болды, 27 337 науқас жазылып шықты.

Қазақстанда 1 қазанда 65 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
Қазір 3 279 адам коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр, оның ішінде 64 бала бар.

Стационарларда 1 745 пациент, амбулаториялық деңгейде – 1 534 пациент бар.

97 адамның жағдайы ауыр, 11 адам хәл үстінде жатыр, 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.