Елімізде бір жылда 7 мыңға жуық оқушы қыз жүкті болып қалған

0
785

Оның мыңнан астамы жасанды түсік жасатыпты.


Елімізде бір жылда 7 мыңға жуық оқушы қыз жүкті болып қалған

иллюстрациялық фото

Өткен жылы Қазақстанда 7 мыңға жуық оқушы қыз жүкті болып, оның мыңнан астамы жасанды түсік жасатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде дабыл қаққан Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданы Жөлек ауылының тұрғындары елдімекендегі №152 мектепте жыл сайын бір оқушы қыздың тұрмысқа шығатынын айтып, білім ордасының қабырғасында жүріп жүкті болған 2 қызды талқыға салды. Айтуларынша, аталған мектепте мұндай оқиғалар жиі болады екен.

Жасыратыны жоқ, елімізде кәмелетке толмағандар арасында жүктілік жиі кездеседі. Ресми статистикаға сүйенсек, 2019 жылы 6000 оқушы жүкті болса, 3500 қыз түсік жасатқан. 2020 жылы 6724 қыз жүкті болған , оның 5639-ы босанып, бөпесін бауырына басқан. 1086 жасөспірім аборт жасатқан. Жасанды түсік көрсеткіші Еуразиялық экономикалық ынтымастақтық ұйымына мүше мемлекеттермен салыстырғанда біздің елде 6 есе көп.

Мамандар бұған өсіп келе жатқан қыздардың ата-анасымен ашық сөйлеспеуі себеп деп отыр. Мектеп қабырғасында да түсіндірме жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан да жасөспірімдер жиі алданып қалады дейді.