Сондықтан шаруалар жем-шөп дайындауға ертерек кіріскені жөн дейді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында мал азығын арзандатуға 650 млн теңге бөлінді, деп жазады 24.kz
Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған ауыл шаруашылығы министрі айтты. Ербол Қарашөкеев биыл да қуаңшылық болу қаупі бар, сондықтан шаруалар жем-шөп дайындауға ертерек кіріскені жөн дейді. Ведомство басшысы фермерлермен кездесіп, жергілікті операторлардың қоймаларын қарап шықты. Төрт түлікті жем-шөппен қамтамасыз ету, аудан әкімдерінің тікелей міндеті екенін айтып, олардың әлі де болса іске енжарлығын атап өтті. Маңғыстау облысында 82 мың түйе мен 114 мыңдай жылқы тіркелген. Ұсақ мал саны 360 мыңнан асады.
- Жағдай қиын. Біз былтырғыдан игерілмей қалған 650 млн теңгедей резервтен, мал азығын арзандатуға ақша бөлдік. Ол ақша өңірге келді. Қазір жергілікті әкімдіктер ауыл-ауылды аралап, малдың басын түгендеп жатыр. Мал азығын арзандатуға ақша төленетін болады. Азық-түлік корпорациясы тарапынан арзандатылған кебек жібердік. Бары сол 220 тонна болды. Қазір 1 мың тоннадай кебек Маңғыстау өңіріне жіберіліп жатыр. Негізі Қазақстан бойынша кебектің бағасы 75-100 теңгеге дейін, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.