Елімізде енді балабақшаларға бағалау жүйесі енгізіледі

0
295

Бөбекжайдағы тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, білімге деген ынтасын қағазға түртіп отырады. Бүлдіршін сол құжатпен мектеп табалдырығын аттайды.


Елімізде енді балабақшаларға бағалау жүйесі енгізіледі

ERNUR.KZ. Енді еліміздегі балабақшаларда баланы бағалау жүйесі енгізіледі, деп жазады stan.kz.

Бөбекжайдағы тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, білімге деген ынтасын қағазға түртіп отырады. Бүлдіршін сол құжатпен мектеп табалдырығын аттайды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, балабақшаға барған балалар көбінесе мектепке дайындықсыз келеді. Ал бағалау енгізілсе, мектепке дайындай бастайды. Ал құжат баланың психологиялық дайындығын айшықтайды. Соның арқасында мұғалімдер алдына келген оқушы туралы ақпарат алады. Жаңа бастаманы бөбекжай тәрбиешілері де қолдады. Себебі бағалау ата-ананың баласына деген жауапкершілігін арттырып, баланы себепсіз қалу жағдайлары да азаяды дейді.

“Балабақшада бала қоршаған орта, жол ережесі, отанды сүюді үйренеді. Қазір мына заманда тілі кеш шығатын балалар бар. Біз ондай балаларды бөлмейміз, кей бала орта топқа барып, мектепалды даярлық тобына барғанда енді-енді сөйлей бастайды. Жоспар бойынша бүгінгі өткен тақырып, ертең өтілмейді. Ол бала үлгермей қалатын жағдайлар да болады. Сондықтан ата-ана мен тәрбиеші тығыз байланыста болып, балабақшадан қалмаса баланың нәтижесі сонда жоғары болады”, – деді балабақша меңгерушісі Назгүл Саудабекова.