​Елімізде қанша адам газ пайдаланады

0
1 067

Қазақстанда шамамен 9 млн адамға газды пайдалану қолжетімді.


​Елімізде қанша адам газ пайдаланады

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2018 жылы газдандыру бойынша атқарылған шараларды баяндады, деп жазады BAQ.KZ


"Газ саласы мен газдандыруды дамыту министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі болып отыр. Былтыр газ өндіру көлемі 55,5 млрд текше метргежетті. 2017 жылмен салыстырғанда 5% артты. Биыл 55 млрд текше метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Тауарлық газды өндіру көлемі 33,3 млрд м3 дейін, төмендетілген газды өндіру көлемі 3,1 млн тоннаға дейін жетті. Биыл бұл көрсеткіштерді 31,3 млрд текше метр мен 3,2 млрд текше метрге жеткізу жоспарланып отыр", - деді министр.

Бозымбаев газ экспортына тоқталып өтті.

"2018 жылы 19,4 млрд текше метр газ экспортталса, биыл бұл көрсеткішті 17 млрд текше метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қытаймен экономикалық серіктестік аясында экспорттың жылдық көлемін 10 млрд текше метрге жеткізу жолға қойылды. Газ транзиті көлемі 90,6 млрд текше метргежетті", - деп атап өтті Бозымбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, 2018 жылы газдандыру бойынша жалпы сомасы 21 млрд теңге болатын 46 жоба іске асқан .

"2019 жылы 1 қаңтарда елді газдандыру деңгейі 49,68% жетті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,3% өсті. Қазақстанда шамамен 9 млн адамға газды пайдалану қолжетімді. Биыл газдандыру деңгейін 50,5% жеткізу жоспарланып отыр", - деді ол Энергетика министрлігінің алқа отырысында.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы жанар-жағармай саласындағы ахуал туралы баяндады.