Елімізде көліктің қосалқы бөлшектерін техникалық паспортсыз сатуға тыйым салынады

0
926

Егер заңға өзгеріс енгізілетін болса, мінілген автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.


Елімізде көліктің қосалқы бөлшектерін техникалық паспортсыз сатуға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда пайдаланылған қосалқы бөлшектерді техникалық паспортсыз сатуға заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Ол министрлік ішкі саудаға байланысты бірқатар заңнамалық бастама көтергенін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың маусымында автокөліктің қосалқы бөлшектерін тек мамандандырылған дүкендерде ғана сату туралы норма енгізілді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда осы дүкендерде бақылау күшейтіліп жатыр. Енді олардың қызметі ломбард жұмысына ұқсас болған.

"Қосалқы бөлшекті автобазарға өткізбес бұрын, ол осы қосалқы бөлшек алынған автокөліктің техникалық паспорты мен жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Яғни, біз базарда қандай пайдаланылған қосалқы бөлшектер сатылғанын, оны кім сатқанын біліп жүреміз", – деп түсіндірді Тұрғымбаев мәжіліс отырысында.

Жақын арада мәжіліске Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтыру енгізіледі.

Оған сәйкес, мінілген автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.