Елімізде коммуналдық төлемдер арзандады

0
679

Осылайша елімізде 9 млрд 600 млн теңгеге коммуналдық төлемнің бағасы түсті.


Елімізде коммуналдық төлемдер арзандады

ERNUR.KZ. Еліміздің 12 облысында су, жылу мен жарыққа төленетін коммуналдық төлемдер арзандады, деп жазады exk.kz.

Осылайша елімізде 9 млрд 600 млн теңгеге коммуналдық төлемнің бағасы түсті. Енді қазақстандықтар бір жылға дейін коммуналдық төлемдерді төмендетілген жүйемен төлейді.

"Алматы, Шымкент және Астана қалаларымен қатар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау мен Павлодар және Қызылорда облыстарының тұрғындары үшін коммуналдық төлемдердің бағасы түсті. Уақытша өтемақы ретінде төмендетілген коммуналдық төлемдер бір жылға дейін ғана болады. Кейін бұрынғы бағамен төленеді. Монополист келтірген шығынды осылайша өтейді. Тарифтер төмендетілді", — деп хабарлады Экономика министрлігі.