Елімізде коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

0
854

Өткен тәулікте 193 адам пневмонияға шалдықты.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда он екі адам індеттен көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте 8 науқас коронавирустан, ал 4 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 193 адам пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 43 073 адам пневмониямен ауырды, 454-і көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирустан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр. 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 230 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 37-сі хәл үстінде жатыр. 30 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.