Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам қайтыс болды

0
486

Індет жұқтырған 192 адамның жағдайы ауыр.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан алты және пневмониядан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір тәулік ішінде 638 адам коронавирус жұқтырып, 179 тұрғын пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 119 129 адамда коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта 8 247 адам ем қабылдап жатыр, 437-сі бала.

Стационарларда 2 924, амбулаторлық емделуде 5 323 науқас тіркелген. 192 адамның жағдайы ауыр, 20 пациент аса ауыр хәлде. Жиырма жеті адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

1 тамыздан бері барлығы 39 724 адам пневмония жұқтырды. 415 науқас қайтыс болды, жазылып шыққандардың саны 29 416-ға жетті.