Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды

0
548

1 тамыздан бері ковидтік пневмониядан 402 науқас көз жұмған.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан бес науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте коронавирустан төрт, ал пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте пневмонияға шалдыққан 216 пациент тіркелді. 1 тамыздан бері барлығы 37 962 адам ковидтік пневмониямен ауырды. 402 науқас қайтыс болды.

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 330 бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 154 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 12 пациент хәл үстінде жатыр. 17 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.