Күнбағыс дәндерін әкетуге сандық шектеулер Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
ERNUR.KZ. 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы аумағынан күнбағыс дәндерін әкетуге квоталар енгізілуде, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 214 бұйрығымен күнбағыс дәндерін Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады.
Күнбағыс дәндерін әкетуге сандық шектеулер Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.