Елімізде құрылысшылардың орташа жалақысы белгілі болды

0
534

Ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелді.


Елімізде құрылысшылардың орташа жалақысы белгілі болды

ERNUR.KZ. Биыл үшінші тоқсанда еліміздің құрылыс саласында 640,7 мың адам жұмыспен қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артығырақ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өңірлерде құрылыс саласында жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі елордада тіркелген: 74,7 мың адам (+ жылына 11,3%). Сол сияқты Алматы мен Түркістан облыстары да үштікке кірді. Осы салада жұмыспен қамтылғандардың ең аз бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді (11,2 мың адам (- 2,9%).

Елімізде құрылыс саласында кадр тапшылығы қатты байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл нарықтағы бос жұмыс орындарының саны 53%-ға артқан.

Құрылысшылардың орташа айлық жалақысы биыл үшінші тоқсанда 314,3 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылдан 32,5%-ға артық. Ал ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелді. Ол жақта мамандар 465,4 мың теңге (+ 44,3%) алады.

Ең аз жалақы Қызылорда облысында. Өңірдегі жалақы – 166,8 мың теңге. Бұл өткен жылдан 11,8%-ға артық.