Елімізде мобильді аударым арқылы төлем жасауға тыйым салынады

0
5 835

Қаржы министрі сауда кезінде мобильді аударым жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.


Елімізде мобильді аударым арқылы төлем жасауға тыйым салынады
ERNUR.KZ. Десе де тұрғындар дүкен, жеке клиникалар және сауда орталықтарында есептеудің бұл түрі қолданыла беретінін айтты, деп жазады stan.kz.

Кейбір сауда нүктелерінде сатып алушылар POS терминалын беруден бас тартады. Кәсіпкерлер құрылғы жұмыс істемейтінін айтып, ұялы нөмірге ақша жіберуді сұрайды.

Салық кодексі бойынша Қазақстандағы барлық ақшалай есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізілуі тиіс, бұған қолма-қол ақша немесе банк картасымен төлеу жатады. Банктің қосымшасындағы QR-код бойынша мобильді төлем жасауға рұқсат етіледі.

"Бақылау-касса машинасын қолданбағаны үшін айыппұлдар қарастырылған. "Азаматтық бақылау" акциясы бар, оның аясында кез келген салық төлеуші оның POS-терминалмен төлем қабылдамағаны фактісін бейнежазбаға түсіре алады және осы деректер бойынша біз алдағы уақытта да шаралар қабылдаймыз", – деді Қаржы министрлігі МКК Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы Данат Кезембаев.