Елімізде мыңға жуық көлік уақытша тіркеуден өтті – ІІМ

0
708

Уақытша тіркеу 17 шілдеде басталды.


Елімізде мыңға жуық көлік уақытша тіркеуден өтті – ІІМ

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев министрліктің брифингінде уақытша тіркелетін көліктер туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қаңтар айынан бастап көлік құралдарын тіркеу жүзеге асырылып жатыр. 200 мыңға жуық көлік құралы нақты есепке қойылды, оның ішінде 15 мың көлік құралы автоконструкторлар. Бұл жұмысты 22 мамырда бастаған болатынбыз. 17 шілдеден бастап көліктерді уақытша тіркеу басталды. Бүгінгі күні мыңға жуық көлік құралы уақытша есепке қойылды», - деді ол.

Жамалиев атағандай, тағы 1500 көлік жақын арада тіркеуге дайын.

«Олар барлық тексеруден өтіп, арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды беруге дайын отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, көлік құралдарын тіркеуге қоюға шақырамыз», - деді ол.