Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 14 адам көз жұмды

0
683

Пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.


Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 14 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 18 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 821 адам коронавирус инфекциясынан (–17 244+ және 2 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 390 пациент стационарда, 16 431 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Короанвирустан өткен тәулікте 14 адам көз жұмды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 296 адамның жағдайы ауыр, 72 пациенттің жағдайы өте ауыр, 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 16 желтоқсандағы мәлімет бойынша 36жаңа жағдай тіркелді, 36 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 83 619;

- өлім жағдайы – 5 195;

- барлығы 75 847адам сауығып шықты.