Елімізде пойыздар жылдамдығына шектеу қойылды

0
486

Осыған байланысты олар діттеген жеріне кешеуілдеп жетеді.


Елімізде пойыздар жылдамдығына шектеу қойылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы +40°С, оңтүстік және батыс облыстарда +45°С дейін көтерілді. Яғни, сыртқы температура +40°С - 45°С болған кезінде рельстер + 58°С - 62°С дейін қызады. Сондықтан "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеулер қойып отыр. Осыған байланысты пойыздар діттеген жеріне кешеуілдеп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтарға жолаушылардың түсіністікпен қарауын сұрайды", – деп хабарлады тасымалдаушы.

Қолайсыз ауа-райы пойыз машинисінің жұмысын да айтарлықтай қиындататыны бар.

“Локомотив бригадаларына аптап ыстық кезінде пойыздарды ерекше тәртіпте ұстау тапсырылды”, – деп жазды тасымалдаушы.