Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

0
1 002

Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі анықталды, деп жазады zakon.kz.

Биылғы жылдың 30 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтады.

Қылмыстық схема тұтынушы кооперативіндегі азаматтардың табысын жинап, көптен жиналған ақша есебінен кейбірінің көп ақшаға кеңелуін қарастырады (кіріс жарнасы - 180 мың теңге), деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚҚК.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.